×

Балуандар Grand Prix of Germany турниріне қатысады

Жарыс Германияда 11-13 тамызда болады

 Дастан Жұмабекұлы 09.08.2023 | 09:21
Фото: Күрес түрлері федерациясы

11-13 тамызда Германияның Дортмунд қаласында грек-рим күресінен Grand Prix of Germany халықаралық турнирі өтеді.

Дәстүрлі түрде өтетін беделді турнирге Қазақстан құрамасы да қатысады. Оқырманның назарына ГФР-де ел намысын қорғайтын балуандардың тізімін ұсынамыз:

55 кг – Марлан Мұқашев (Астана қаласы);

60 кг – Айдос Сұлтанғали (Қызылорда облысы);

67 кг – Алмат Кебісбаев (Қарағанды облысы);

67 кг – Мейіржан Шермаханбет (Шымкент қаласы);

72 кг – Ибрагим Магомадов (Қарағанды облысы) пен Ерасыл Нұрбосынов (Алматы облысы);

77 кг – Тамерлан Шадукаев (Қостанай облысы);

77 кг – Демеу Жадраев (Алматы облысы);

97 кг – Ерұлан Ысқақов (Қарағанды облысы);

130 кг – Әлімхан Сыздықов (Шымкент қаласы).

Серіктес жаңалықтары

Сараптама