×

Еліміздің 3 өңірінде 40 градус ыстық болады

Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында 35-39°с қатты ыстық сақталады, Маңғыстау облысында 38-40°С қатты ыстық сақталады

 Халық үні 08.08.2023 | 19:50
Коллаж: telegraf.com.ua

«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 9 тамызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжамын жариялады. 

Оңтүстік циклонның шығуымен және атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде ауа-райы тұрақсыз сипатта сақталады, жаңбыр жауады, солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста найзағай, бұршақ, дауылмен қатты жаңбыр жауады деп күтіледі. Қазақстанның батысында, оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді. Республиканын батысында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі.

Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында 35-39°с қатты ыстық сақталады, Маңғыстау облысында 38-40°С қатты ыстық сақталады.

Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында, Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстарында, Жетісу, Абай облыстарында, Алматы облысының солтүстігінде, батысында, орталығында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Қостанай, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысының солтүстігінде, Атыраудың батысында, шығысында, Ақмола облысының оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама