×

Ешкімнен жеңілмеген боксшы Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жекке шақырды (ВИДЕО)

Былғары қолғап шеберлері бірде-бір рет жеңіліп көрмеген

 Дастан Жұмабекұлы 08.08.2023 | 14:53
Фото: ашық дереккөзден біріктірілген

Ұлыбританиялық кәсіпқой боксшы Феликс Кэш Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жекке шақырды.

24.kz-тің хабарлауынша, Феликс Кэш күні бүгінге дейін 16 рет қолғап түйістіріп, соның бәрінде жеңіске жеткен. 10 жекпе-жекті уақытынан бұрын аяқтаған. Соның арқасында ол WBO рейтингінде 4-орынға көтерілген.

«Қазақ стайл» (Әлімханұлының лақап аты, - ред.), кел, айқасайық! Жұдырықтасатын ешкім жоқ деп әлі айтып жүрсің ғой. Менімен айқаста саудаң бітеді, – деді ол Twitter желісінде. 

Жәнібек Әлімханұлы – дәл осы тұжырым бойынша чемпиондық белдіктің иегері. Кәсіпқой бокстағы көрсеткіші де өте жақсы. Ол 14 рет жекпе-жекке шығып, соның бәрінде қарсыласын жеңген.

Жәнібек Әлімханұлы соңғы рет биыл мамыр айында шаршы алаңға шықты. Сол кезде ол АҚШ-та ұйымдастырылған бокс кешінде канадалық Стивен Батлерді ұтып, WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын қорғап қалды. Ал Феликс Кэш соңғы рет былтыр желтоқсанда рингке шыққан. Ол Англияның Лидс қаласында португалиялық Келсо Невешамен кездесіп, төрешілер шешімімен жеңіске жеткен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама