×

Екібастұзда зорлық көрген әйел өзін қорғаймын деп күйеуін пышақтап өлтірген (ВИДЕО)

Әйел оқиғаның кездейсоқ болғанын айтып, көмек сұраған

 Халық үні 07.08.2023 | 23:55

Екібастұзда 31 жастағы әйел өзін қорғаймын деп күйеуін өлтірді. Аяғы ауыр келіншек бұл оқиғаны өз аузымен айтып, желіге жариялаған.

Күйеуім маған пышақпен шабуыл жасады. Мен қашуға тырыстым, бірақ болмады. Сосын оның пышағын алып алдым. Қатты үрей билегені сонша, мен оған пышақты сұғып алдым.

Қазір әйел үй қамақта отыр. Оған ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігі «Басқа адамды қасақана өлтіру» бойынша айып тағылған. Бірақ жүкті келіншек мұнымен келіспейді. Оқиғаның кездейсоқ болғанын айтып, көмек сұраған.

Жергілікті полицейлер қылмыстық іс сотта қарауға дайындалып жатқанын хабарлады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама