×

Қызылордада балконнан құлап, қайтыс болған әйел жайында жаңа деректер шықты

Науқасқа реанимациялық шаралар жасалғанмен ол нәтижесіз болды

 Халық үні 07.08.2023 | 19:44
фото: inform.kz

 Қызылорда қаласында ауруханада балконнан құлап, қайтыс болған әйел кісі жайында жаңа деректер пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл оқыс оқиға тіркелген көп бейінді облыстық аурухана басшылығы төмендегіше түсініктеме берді.

Қайтыс болған науқас 61 жаста, Қызылорда қаласының тұрғыны. Ауруханаға 1 тамызда жедел жәрдем бригадасымен жеткізілген.

Науқас амбулаторлы диспансерлік есепте тұрмайды. Бас ауруы, айналуы, жалпы әлсіздік және ұйқысының бұзылуына байланысты тексерілген. Невролог, психиатр мамандары тарапынан қаралған, ем тағайындалған. Жақсару болмауына байланысты жедел жәрдем көлігімен көпбейінді облыстық ауруханасына жеткізілген. Аурухананың №1 терапия бөлімшесіне, «Вертебро-базилярлы жетіспеушілік синдромы. Астено-депрессивті жағдай. Артериалды гипертензия 2 дәрежелі, қауіп факторы 4» диагнозымен жатқызылған, емі тағайындалған, - деп мәлім етті көпбейінді облыстық ауруханадан.

Ведомство мәліметінше, 6 тамызда сағат 16:10-да палатадағы балконнан секіріп кеткен. Сол мезетте кардиореанимация бөлімшесіне жеткізілген.

«Науқасқа реанимациялық шаралар жасалғанмен ол нәтижесіз болды. Сағат 17:25-те науқастың биологиялық өлімі тіркеліп, 102-ге хабар берілді. Жедел топ куәгерлер және медициналық қызметкерлерден түсінік алды. Палатада 3 науқас жатқан. Оқыс оқиға болардан бұрын бұрын олар бірге тамақтанған. Біреуі тоңазытқышқа зат қоюға шыққан. Екінші науқас жуыну бөлмесіне кірген. Сол мезетте науқас секіріп кеткен. Мәйіт сот медициналық сараптамаға жолданды», - деп толықтырды ауруханадан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама