×

Ақтауда ЖОО грантын бір сыныптың барлық түлегі иеленді

Оның кейбіреуі Түркия, Италия, Чехияда оқу үшін тіл курсына грант ұтып алған

 Еркеғали Болатұлы 07.08.2023 | 17:31
фото: sputnik.kz

Ақтауда №11 мамандандырылған физика-математика лицейінің 11 «А» сыныбында оқитын 23 оқушының барлығы жоғары оқу орнының грантына ие болды. Бұл туралы Lada.kz хабарлады.

Түлектердің сынып жетекшісі Ұлқия Максимованың айтуынша, кейбір түлек Түркия, Италия, Чехияда оқу үшін тіл курсына грант ұтып алған.

Мемлекеттік грантты тағайындау конкурсына бұл түлектерден бөлек, тағы 19 оқушымыз да қатысқан. Олардың барлығы грант жеңіп алды. Осы 19 оқушының 16-сы мемлекеттік шәкіртақыға ие болды, – дейді Ұлхия Максимова.

Айта кетсек, Оқу-ағарту министрлігі 7 тамыздан бастап грант иегерлері жоғары оқу орындарына құжат тапсыра алатынын мәлімдеген болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама