×

Универсиада: Әділбек Мусин қола жүлдегер атанды

Ол баттерфляй әдісімен 100 метрге 2,03 секундта жүзіп, мәреге үшінші болып келді

 Дастан Жұмабекұлы 07.08.2023 | 14:19
Фото: ашық дереккөз

Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан ХХХ жазғы Дүниежұзілік студенттер ойындарында суға жүзуден Қазақстан құрамасының мүшесі Әділбек Мусин қола жүлдегер атанды.

Ол баттерфляй әдісімен 100 метрге 2,03 секундта жүзіп, мәреге үшінші болып келді.  Бірінші және екінші орындар польшалық спортшыларға бұйырды.

Әділбек Мусин осы қашықтықты іріктеу сатысында 52,34 секундта жүзіп өтіп, финалға шыққан еді. Бұған дейін ол Жапонияның Фукуока қаласында су спорты түрлерінен өткен әлем чемпионатында баттерфляй әдісімен 100 метрге жүзуден іріктеу сатысында 51,68 секундта жүзіп, Қазақстан рекордын жаңартқан болатын.

Жазғы Универсиада 8 тамызда аяқталады.

Қазір Қазақстан құрамасында 2 алтын, 7 күміс пен 11 қола медаль бар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама