×

Елордада ҮЕҰ өкілдері су қоймасының жағасындағы қоқысты жинады

Бұл жерден бірнеше қап қоқыс жиналды

 Дәурен Ерболат 07.08.2023 | 11:30
Фото: Halyq Uni

Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясы мен үкіметтік емес ұйымдар бірлесіп, су қоймасының жағалауында сенбілік өткізді, деп хабарлады елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

Іс-шараға Lider, «Асар – Сарыарқа» және «Жақсылық арифметикасы» қоғамдық бірлестіктерінің мүшелері белсене атсалысты. Еріктілер су қоймасының жағалауын бойлай жүріп, әртүрлі қоқысты жинады. 

Өзара ақылдасып, осы жерді таңдадық. Өзіміз су ішіп отырған су қоймасының айналасы айнадай таза болғанын қалаймыз, – деді «Жақсылық арифметикасы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Ұлжан Мырзагелдиева.

Оның айтуынша, мұндай сенбіліктер көктемнен бері ұйымдастырылып келеді.

«Асар – Сарыарқа» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Гузель Бердеш те жылына бір рет болса да тазалық акциясына қатысып тұратынын айтты.

Су қоймасының жағалауындағы қоқысты жергілікті тұрғындар да жинайды. Олар демалуға келгендердің кейбірі отырған орнын тазаламай кететіне ренішін білдірді.

Сенбілікке қатысушылар Астаналық су қоймасының маңында 2-3 сағат тазалық жұмысын жүргізіп, бірнеше қап қоқыс жинады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Астанада биыл құрылыс салушылар 100 мыңнан аса жасыл желек отырғызғаны хабарланған еді. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама