×

ТМД II ойындары: Қазақстан құрамасы жүлдеге іліге алмады

Изновр Абаев (72 кг) пен Рахат Бержанов (97 кг) төртінші орынды қанағат тұтты

 Дастан Жұмабекұлы 07.08.2023 | 09:40
Фото: ашық дереккөз

Беларусь Республикасының Солигорск қаласында өтіп жатқан ТМД II ойындары аясында грек-рим күресінен бәсекелер өтіп, Қазақстан қоржынына жүлде түскен жоқ.

Құраманың балуандары 10 салмақ дәрежесінде күш сынасты. Қазақстан құрама (U23) сапынан Изновр Абаев (72 кг) пен Рахат Бержанов (97 кг) төртінші орынға ие болды.

Енді 9 тамызда еркін күрес, 13 тамызда әйелдер күресінен белдесулер болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама