×

Алматыдан 17 шақырым қашықтықта 4,2 магнитудалық жер сілкінісі болды

 Халық үні 06.08.2023 | 22:14
ашық дереккөзден

Алматыдадан 17 шақырым жерде жер сілкінісі болды

 ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісінде 6 тамызда Алматы уақытымен 20:29-да (Гринвич бойынша 14:29-да) жер сілкінісі тіркелді.

Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 17 шақырым жерде орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 8.8. MPV магнитудасы - 4.2.

Эпицентрдің координаттары 43.06° С. Е. 76.89° ш. б.

Тереңдігі 10 шақырым. Жер сілкінісін сезілуі туралы мәліметтер (ДСМ-64 шкаласы бойынша): Алматы, Алматы-Арасан шатқалы 2 балл. 

Сағат 20:29-дан 21:20-ға дейінгі аралықта «112» желісіне қоңыраулар түскен жоқ. Зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама