Halyq Uni логотип
×

Сенат референдум туралы заң жобасын кері қайтарды

Сенат референдум өткізу жөніндегі заң жобасын енгізілген түзетулерімен бірге мәжіліске кері қайтарды

 Ербол Тұрымбет 05.05.2022 | 10:30
Сенат референдум туралы заң жобасын кері қайтарды
фото: ашық дереккөзден

Түзетулер референдум туралы заңның 3-бабы, яғни, Нұрсұлтан Назарбаевтың Конституциядағы мәртебесі және рөліне қатысты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Сенатор Ләззат Сүлейменнің айтуынша, Нұрсұлтан Назарбаев қарапайым ел азаматы ретінде Конституциядағы түзетулерге келісуге не қарсы болуға дауыс бере алады. 

Бұған дейін «5-ші мамырда референдум өтуі мүмкін» деген ақпарат тараған еді. Айта кетейік, республикалық референдум туралы заң бойынша, оны жариялаған күннен бастап билік үш ай ішінде дайын болуы тиіс.

Жуырда Тоқаев Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде референдум өткізуді ұсынды. Бұл референдум саяси жүйені жаңғырта ала ма – Ұлттық кеңес президент шешімі жайлы айтты. Референдум қашан өтеді – Орталық сайлау комиссиясы жауап берді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама