×

Бұл референдум саяси жүйені жаңғырта ала ма – Ұлттық кеңес президент шешімі жайлы айтты

Жуырда Тоқаев Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде референдум өткізуді ұсынған еді

 Халық үні 01.05.2022 | 09:00
фото: ашық дереккөзден

Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мүшелерімен кездесті. Жиында Қарин қазір Конституциялық кеңес қарауындағы Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жобасы туралы айтты.

Мемлекеттік хатшы конституциялық реформа алғаш рет халықтың тікелей дауыс беруі арқылы жүзеге асырылатынын және осы қадам қазіргі саяси реформалардың маңызын көрсететінін атап өтті. Бұл референдум саяси жүйені толық жаңғырту үшін қажет, – дейді Ақорда.

Ұлттық кеңес мүшелері референдум өткізу идеясын қолдады. Сарапшылар Конституцияға енгізілетін түзетулер негізгі саяси институттардың құрылымын өзгертетініне назар аударды.

Бұған дейін Тоқаев Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде референдум өткізуді ұсынған болатын.

Республикалық референдум – Конституция, конституциялық заңдар, заңдар және мемлекеттiк өмiрдегі өзге де маңызды мәселелерге қатысты шешiм жобалары бойынша жалпыхалықтық дауыс беру.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама