×

Қазақстанның 5 облысында 39 градус ыстық болады

Күндіз Жетісу облысының оңтүстігінде, Алматы облысының шығысында, орталығында 40-42°С өтте қатты ыстық мақталады

 Халық үні 05.08.2023 | 19:45
Коллаж: telegraf.com.ua

«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 6 тамызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.

 Әлі де, атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты ҚР басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауып, найзағай болады. Тек Қазақстанның батысында жауын-шашынсыз ауа рыйы күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте жел шаңды дауылмен болады. ҚР солтүстігінде түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі, күндіз еліміздің солтүстігінде, орталығында бұршақ  жаууы ықтимал.

Күндіз Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жетісу облыстарында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, батысында 35-39°С қатты ыстық, Маңғыстау облысының оңтүстігінде, солтүстік-батысында 38-41°С қатты ыстық сақталады.

Күндіз Жетісу облысының оңтүстігінде, Алматы облысының шығысында, орталығында 40-42°С өтте қатты ыстық мақталады.

Ақмола, Атырау облыстарында, Батыс Қазақстан облыстарында,  Солтүстік Қазақстан облысының батысында, шығысында жоғары өрт қауіпі сақаталады, Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.  

Маңғыстау, Түркістан, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Ақтобе облысының орталығында және оңтүстігінде, Атырау облысының батысында, шығысында, Ақмола облысының оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама