×

«40-42 градус ыстық»: демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды

5-6 тамызда күндіз Қазақстанның оңтүстік-шығысында 40-42 градус өте қатты ыстық болады

 Халық үні 05.08.2023 | 07:47
ашық дереккөзден

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 5-7 тамыз айына арналған ауа райы болжамын жариялады.

Таяу күндері Қазақстан аумағында атмосфералық фронтальды бөлімдердің ықпалымен жаңбыр мен найзағаймен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады; республиканың солтүстігінде, орталығында, шығысында, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр, екпінді жел, бұршақ және дауыл күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді.

Елдің батыс аймақтарында әлі де жоғары қысым ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы болады.

Қазақстанның басым бөлігінде температура біртіндеп төмендейді.

Алайда, 5-6 тамызда күндіз Қазақстанның оңтүстік-шығысында 40-42 градус өте қатты ыстық болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама