×

Заңсыз жүрген Африканың 11 азаматы елден шығарылды

137 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды

 Дастан Жұмабекұлы 04.08.2023 | 17:45
Фото: polisia.kz

Алматы полициясы рейд кезінде елде заңсыз жүрген Африканың 11 азаматын анықтады.

Polisia.kz-тің хабарлауынша,  олар Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен олар Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылды. Профилактикалық іс-шараларды жүргізу кезінде Қазақстанның көші-қон саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін 10 елдің 137 азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 23 шетел азаматы елден шығарылды.

Құжаттары жоқ шетелдің 52 азаматы қабылдау орындарына орналастырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама