×

Өзбек-ауған шекарасында атыс болғаны рас па?

Интернетте әскери қызметшілердің қаза тапқаны туралы ақпарат тараған болатын

 Халық үні 05.05.2022 | 00:50
фото: inform.kz

Өзбекстан әлеуметтік желілерінде 4 мамырға қараған түні өзбек-ауған шекарасында атыс болып, салдарынан Өзбекстан Республикасы Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің шекара әскерінде қызмет ететін әскери қызметшілердің қаза тапқаны туралы ақпарат тараған болатын. 

Бұл ақпаратты Өзбекстанның СІМ жоққа шығарды. 

«Таратылған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз. Шекарадағы жағдай тыныш, оңтүстік штаттық режимде күзетіліп жатыр. Ауғанстан Уақытша үкіметінің ресми өкілі Забихулла Муджахед те интернеттегі түрлі жарияланымдарды жоққа шығарып, оның жалған екенін айтты», - деді ведомстводан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама