×

Күрестен ӘЧ: әйелдер құрамасы жарысты жүлдесіз бастады

Жұбаныш белдесуінде Арина Абдуллина үнді Дришти Дриштиден жеңіліп қалды

 Дастан Жұмабекұлы 04.08.2023 | 09:16
Фото: ашық дереккөз

Түркияның Ыстанбұл қаласында (U17) күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатының төртінші күні әйелдер күресінен  43, 49, 57, 65 және 73 келіде жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, жұбаныш белдесуін өткізген Арина Абдуллина үнді Дришти Дриштиден жеңіліп, жүлдесіз қалды.

Бұдан бөлек әйелдер күресінен 40, 46, 53, 61 және 69 келіде алдын-ала белдесулер өтіп, ертең 46 келідегі Мейрамгүл Ахметжан орыс және поляк қыздарының арасындағы белдесудің жеңгенімен қола жүлдеге таласады. 61 келідегі Софья Змазнева жұбаныш белдесуінде түрік қызы Бейза Нұр Аққұспен кездеседі. Оны жеңе алса АҚШ өкілі Хейла Эмма Джаффимен күреседі. Сонымен қатар бүгін еркін күрес балуандары 48, 55, 65, 80 және 110 келіде алдын-ала белдесулер өткізеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама