×

Каспий теңізінде жоғалған балықшының денесі табылды

Мәйітті жергілікті балықшылар тапты

 Дастан Жұмабекұлы 03.08.2023 | 14:14
Фото: ашық дереккөз

Каспий теңізінде жоғалған балықшының денесі табылды. Бұл туралы Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

29 шілдеде 1987 жылы туған ер адам Құрық ауылының маңында балық аулау кезінде жоғалып кеткен еді. Сол кезден бері оны іздеуге Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, еріктілер, жергілікті тұрғындар мен оның туыстары шықты. 

Жоғалған адамды іздеуге тікұшақ пен дрондар да тартылды. Оның мәйітін жергілікті балықшылар тапты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама