×

Шымкентте тұрғындар көшеде есірткі жасырып жүрген «курьерді» полицияға ұстап берді

Көшеде есірткі қойып жүрген күдіктіні ұстап алған тұрғындар 102 желісіне хабарласқан

 Халық үні 03.08.2023 | 08:55
ашық дереккөзден

Шымкенттік тұрғындар көшеде есірткі жасырып жүрген «курьерді» ұстап алды, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.

Көшеде есірткі қойып жүрген күдіктіні ұстап алған тұрғындар 102 желісіне хабарласқан. Шақырту бойынша жедел жеткен тергеу тобының қызметкерлері күдіктінің телеграмм чат арқылы түскен нұсқауларды бұлжытпай орындағанын анықтаған. Кейін тәртіп сақшылары оның есірткі қойып кеткен жерлерін жеке-жеке тінтіп, жасырылған ұнтақтарды айғақ зат ретінде тәркіледі. Нәтижесінде, құқық бұзушы бір күнде 18 орынға полиэтиленді пакетке салынған есірткіге ұқсас заттарды тығып үлгерген. Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген заттардың синтетикалық есірткі екені расталды.

«Аталған жайт ҚР ҚК-нің 297-бабы 2-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды өткізу мақсатында заңсыз сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша тіркелді. Белгілі болғандай жас жігіт 3 айдан бері «курьер» болып жұмыс істеген және күніне орта есеппен 20-25 орамды қойып кетумен айналысқан. Қазіргі таңда, күдікті қамауда. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде», – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама