×

Атырауда оқытушылар студенттердің атынан емтихан тапсырған

Атырау мемлекеттік университетінің комплаенс-қызметкерлері 8 құқықбұзушылықты анықтады

 Халық үні 02.08.2023 | 23:45
Фото: abctv.kz

Облыс басшысы Серік Шәпкеновтің төрағалығымен құқықбұзушылық профилактикасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды «Ақжайық».

«Биыл сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицерлер 118 сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіп, бірқатар оң нәтижеге қол жеткізді. Мәселен, №2 Атырау облыстық ауруханасының мемлекеттік сатып алу менеджері жіберген заңбұзушылықтар анықталған. Сондай-ақ, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің комплаенс-қызметкерлері 8 құқықбұзушылықты анықтады. Атап айтқанда, оқытушылардың автоматтандырылған «Платонус» ақпараттық жүйесі арқылы онлайн форматта оқу үлгерімі нашар студенттері атынан емтихан тапсырып, бағаларын көтеру мақсатында пара алу фактілері тіркелген», - деді Е. Серікқалиев аймақта комплаенс қызметімен жұмысы туралы.

Серік Шәпкенов жауапты сала мамандарына мемлекеттік сатып алу процесін орталықтандыруды, қызметке кандидаттарды толық цифрландыру арқылы іріктеуде процестің ашықтығын қамтамасыз етуді тапсырды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама