×

Қазақстанның 11 облысында 40 градус ыстық болады

Қазгидромет» РМК 3 тамызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжамын жариялады

 Халық үні 02.08.2023 | 22:11
Коллаж: telegraf.com.ua

«Қазгидромет» РМК 3 тамызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжамын жариялады.

Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай болады. Оңтүстікте жауын-шашынсыз ауа рыйы күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді. Солтүстікте түнде және таңертең тұман күтіледі, күндіз шығыста бұршақ  жаууы ықтимал.

Күндіз Алматы, Жамбыл, Түркістан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Жетісу, Ұлытау облыстарында, Абай, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде 35-40°С қатты ыстық күтіледі.

Күндіз Алматы облысында 40-42°С өтте қатты ыстық күтіледі.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, орталығында, Атырау облысының солтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.  

Маңғыстау, Түркістан, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарында, Қостанай, Ақтобе облыстарының оңтүстігінде, Атырау облысының батысында, шығысында, Павлодар облысының онтүстігінде, шығысында, Ақмола облысының оңтүстігінде, батысында, Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама