×

Түркістан облысында 11 жастағы бала зираттағы көктастарды бояп тастады

Қазір оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр

 Халық үні 02.08.2023 | 21:36
ашық дереккөзден

Түркістан облысының тұрғыны өз бейнежазбасында мазараттағы адамдар бейнесі бейнеленген көктасты белгісіз біреу сызып, бояп тастағанын жеткізген, деп хабарлады polisia.kz.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 294-бабы 1-бөлігі бойынша тіркеліп, тергеу амалдары басталды.

Теріс қылықты жасаған 11 жасар кентаулық жасөспірім екені анықталды.

Белгілі болғандай, жасөспірімнің үйі мазарат маңында орналасқан. Үйінен ойнап шыққан бала, мазараттан көк түсті бояу тауып алып, бірқатар жерленген адамдардың көктасын, олардың қоршауын бояп шыққан. Ал әкесі ұлының балалықпен жасаған іс-әрекетіне өкініп, кешірім сұрады.

Қазір оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама