×

Универсиада: Қазақстан құрамасының қоржыны тағы екі жүлдемен толықты

Әзірше спортшыларымыз медаль кестесінде 10-орында келеді

 Дастан Жұмабекұлы 02.08.2023 | 17:31
Фото: ашық дереккөз

Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан ХХХІ Жазғы Дүниежүзілік ойындарда Қазақстан құрамасының қоржынына тағы екі жүлдемен толықты.

Бүгін ерлер арасында жекпе-жектен өткен жарыстың жартылай финалында Бексұлтан Қоскенов (60 кг) Ма Йигуден 0:2 есебімен ұтылып, қола жүлдені иеленді.

Әйелдер арасында Айгерім Төреханова (60 кг) жартылай финалда түркиялық Берне Туттан жеңіліп қалды.

Қазір Қазақстан спортшылары 13 медаль алып отыр. Оның ішінде 1 алтын, 5 күміс, 7 қола жүлде бар.

Жазғы Универсиада 28 шілдеде басталған. Ол 8 тамызға дейін болады. Жарыста 90 отандасымыз спорттың 10 спорт түрінен  сынға түсіп жатыр.

Қазақстан құрамасы медальдар кестесінде оныншы орында тұр. Көшті Қытай құрамасы бастап келеді. Олар 50 (30-10-10) медаль иеленді. Одан кейінгі орындарға 39 (15-12-12) жүлдемен Оңтүстік Корея мен  Жапония спортшылары жайғасты. Күншығыс елінде 32 (14-8-10) медаль бар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама