×

Адамдар терезеден секіріп жатыр: Алматыда 16 қабатты үй өртенді (ВИДЕО)

Жедел штаб құрылып, өрт оқпандары берiлдi

 Халық үні 01.08.2023 | 19:06
фото: видеодан скриншот

Алматыда 16 қабатты үйден өрт шықты, деп хабарлайды қалалық төтенше жағдайлар департаменті. 

Ведомство мәліметінше, сағат 17:10-да ТЖД күш-құралдары Алатау ауданы «Ақкент» ықшамауданында орналасқан 54-ші үйге шұғыл аттанған.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына 6 минутта жетті. Олар 16 қабатты тұрғын үйдің 5-қабатындағы пәтер ашық жалынмен жанып жатқанын анықтады. Қазір адамдар эвакуацияланып жатыр,- деп хабарлады ведомстводан.

Жедел штаб құрылып, өрт оқпандары берiлдi.

5-6-қабат деңгейінде лифт шахтасында электр кабельдері тұтанды. Өрт сөндіру сатылары қойылды. Оқиға орнына 50 адам мен 14 техника жұмылдырылды, - деп хабарлады Алматы қалалық ТЖД.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама