×

Жазушылар одағы сырқаттанған ақын-жазушыларға қолдау көрсетеді

Биылғы жылдың соңына дейін ай сайынғы материалдық көмек беріледі

 Дастан Жұмабекұлы 01.08.2023 | 16:17
Фото: ашық дереккөзден біріктірілген

Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшылығы сырқаттанып жүрген ақын жазушыларға көмек көрсету туралы мәселені қарастырды.

Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Мереке Құлкенов бұл бастама одақ жанынан құрылған «Қазақ әдебиетінің меценаты» қоғамдық қоры арқылы жүзеге асатындығын айтты.

Жазушылар одағы тек қоғамдық бірлестік қана емес, үлкен отбасы екендігімізді ұмытпауымыз керек. Осыны ескере отырып, қазіргі таңда ауыр сырқаттанып жатқан ақын-жазушыларымызға көмек көрсету туралы шешім қабылдадық, – деді Мереке Құлкенов.

Жазушылар одағының хабарлауынша, биылғы жылдың соңына дейін 50 мың теңге көлемінде ай сайынғы материалдық көмек Несіпбек Айтов, Заря Жұманова, Жүрсін Ерман, Айсұлу Қадырбаева, Сара Латиева, Тұрлыбек Мәмесейіт, Нина Скалковскаяға берілетін болады.

Мереке Құлкенов мүмкіндігінше қаламгерлерге әлеуметтік қолдау білдіріп, шығармашылықпен айналысуға жағдай жасау одақтың негізгі міндеттерінің бірі екендігін жеткізді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама