×

Шығыс Қазақстанда 2024 жыл «Жол жылы» болады – Ермек Көшербаев

Кеңесте облыс әкімі қала, аудан басшыларына бірқатар тапсырма берді

 Дастан Жұмабекұлы 01.08.2023 | 11:39
Фото: ашық дереккөз

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев облыс активімен кездесіп, жергілікті басқарама басшыларының ұлттық жобаларды орындау бойынша есебін тыңдады.

Кеңесте облыс әкімі қала мен аудан әкімдерінің рейтингісіне қарапайым болып көрінетін проблемаларды шешудің әсер ететінін айтып, өңірдегі ауыз сумен қамтамасыз ету, «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы бойынша салынған үйлердің сапа мен құрылыс маусымы кезінде бастауға мүмкіндік беретін тендерлік рәсімдердің уақтылы өткізілуін бақылау туралы ескертті.

Бүгінгі таңда «Дипломмен ауылға» бағдарламасына мазмұнды талдау жүргізу керек. Өйткені, кейбір аудандардағы жас мамандар жеңілдетілген несие мерзімін күтіп, кейін тұрғын үйлерін сатып жібереді немесе басқа елдімекенге қоныс аударады. Сондықтан мен жас мамандардың қызығушылығын арттырудың сәтті мысалдарының тәжірибесін зерделеуді ғана емес, өз аудандарында әкімдіктердің осындай тәжірибені енгізуін талап етемін, – деді ол.

Осыған байланысты облыс әкімі «Жайлы мектеп» және «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» серпінді жобаларын қоса алғанда, өңірдегі барлық 12 ұлттық жобаны орындау бойынша жұмыс белгіленген кестеге сәйкес жүргізіліп жатқанын, келесі жылдың өңірде «Жол жылы» болып жарияланатынын,  сол себепті қазірден бастап барлық проблемалық учаскелерге талдау жүргізу керектігін атап өтті.

Кеңесте облыс әкімі қала, аудан басшыларына бірқатар тапсырма берді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама