×

Астанаға Ауғанстан кәсіпкерлері таңсық тауар, жеңсік ас әкеле жатыр

Екіжақты сауда-саттықтың айналымы 1 миллиард долларға жетті

 Еркеғали Болатұлы 31.07.2023 | 17:30
фото: wikipedia.org

Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев Астанадағы «Expo Center» көрме орталығында өтетін Қазақстан-Ауғанстан іскерлік форумына келетін кәсіпкерлер туралы айтты.

Іскерлік форум 3-5 тамызда өтеді. Осы іс-шараға ауғандық 200-ден астам бизнесмен келеді. Оларды Сауда министрі Нұриддин Азизи бастап келеді. Делегацияда бизнесмендер ғана емес, энергетика, телекоммуникация, орталық банк өкілдері де бар.

Қазақстан Орталық Азия елдерінің ішінде Ауғанстанмен ең көп сауда жасайды. Былтыр екіжақты сауда-саттықтың айналымы 1 миллиард долларға жетті. Жақын жылдары осы көрсеткішті 3 миллиардқа дейін арттыруды жоспарлап отырмыз. Біздің бағалауымызша, Қазақстан Ауғанстанға қосымша 500 миллион долларға тауар экспорттай алады, - деді Төребаев Сыртқы істер министрлігінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, Астанаға келетін кәсіпкерлердің ішінде кілем, сусындар мен асыл тас өндірушілер бар.

Ауғанстан Қазақстанға көкөніс, жаңғақ және тағы басқа ауыл шаруашылығы өнімдерін ұсына алады. Ауған кілемдері жоғары сапалы және ерекше дизайнмен танымал. Ал Герат провинциясында өсірілетін шафран жоғары бағаланады. Баршаңызды 4-5 тамызда өтетін Ауғанстан тауарларының көрмесіне шақырамыз. Сол жерде ауған кәсіпкерлерінің ең танымал тауарлары ұсынылады, - деп атап өтті вице-министр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама