×

АҚШ пен Еуропалық Одақ әуе компанияларына Ауғанстан арқылы ұшуға рұқсат берілді

Енді шетелдік ұшақтар ұшу-ұшпау туралы өздері шешеді, таңдауды өздері жасайды

 Дастан Жұмабекұлы 31.07.2023 | 15:27
Фото: ашық дереккөз

АҚШ пен Еуропалық Одақтың әуе компанияларына Ауғанстан арқылы ұшуға рұқсат берілді. Америка Құрама Штаттарының ұшақтары 25 шілдеден бастап ұша бастады. Ал еуропалық тасымалдаушылар 28 шілдеден бері ұшуға рұқсат беріліп отыр.  

Қазір Ауғанстанның үстінен ұшу қауіпті. Сондықтан әуе компаниялары жерден 9 753,6 метр биікте үшу керек. Ауғанстанның әуе кеңістігі бұл биіктікте азаматтық авиацияға қауіп төндірмейді деген болжам бар. Әуе компаниялары Ауғанстан арқылы ұшу-ұшпау туралы өздері шешеді, таңдауды өздері жасайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама