×

Түркиядағы жол апаты: қазақстандық елші шұғыл оқиға орнына аттанды

Көлікте болған 12 туристің алтауы ауыр жарақатпен жергілікті ауруханаларға жеткізілді

 Динара Амантай 30.07.2023 | 16:45
Фото: haberglobal.com.tr

Қазақстан Республикасының консулы Түркияның Алания аумағында туристер мінген микроавтобус апатына байланысты шұғыл жолға шықты. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін таңертең Алания тасжолында микроавтобус пен жүк көлігі соқтығысып, жол-көлік апаты орын алды. Оқиға салдарынан зардап шеккендер бар. Алдын ала алынған мәліметке сәйкес, автобуста Қазақстан азаматтары болған. Оқиғаның барлық мән-жайы мен біздің азаматтарымыздың жағдайын анықтау үшін ҚР консулы аталған өңірге шұғыл түрде жолға шықты, – делінген хабарламада.

Түркиядағы БАҚ-тың мәліметінше, қазақстандық туристерді тасымалдаған микроавтобус Аланиядағы Okurcalar Mahallesi D-400 трассасында жүк көлігіне соқтығысқан. Салдарынан көлік жүргізуші мен гид (Украина азматы) оқиға орнында көз жұмды.

Апат орнына полиция мен медицина бригадалары дереу жіберілген. Көлікте болған 12 туристің алтауы ауыр жарақатпен жергілікті ауруханаларға жеткізілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама