×

«Мәйіттерін орманға апарып тастаған»: Ақтөбеде 16 адам екі жігітті азаптап өлтірген

Олардың бірі түнгі клуб қожайыны болса, қалғандары ұрда-жық күзетшілер

 Халық үні 29.07.2023 | 21:47
ашық дереккөзден

Ақтөбеде екі жігітті азаптап өлтірді деп айыпталған 16 адамның соты бастады, деп хабарлайды КТК телеарнасы. 

Олардың бірі түнгі клуб қожайыны болса, қалғандары ұрда-жық күзетшілер. Барлығы да былтыр түнгі клубта қанды қылмыс жасағаны үшін ұсталған. Яғни Темір ауданынан көңіл көтеруге келген 4 жігітті жабылып ұрып, екеуін пышақтап, мәйіттерін орманға апарып тастаған.

 Тергеушілер пышақталған жігіттердің бірі ауыр жарақаттан түнгі клубта көз жұмғанын анықтапты. Ал екіншісін күдіктілер шалажансар күйде қала сыртына апарып тастаған. Аман қалған екі жігіттің бірі көліктің жүк салғышынан қашып құтылса, екіншісі жүріп келе жатқан көліктен секіріп үлгерген.

Сотталушы 16 адамның біреуі клубты жалға алған кәсіпкер, қалғаны күзетшілер. Оларға адам өлтіру, адам өлтіруге оқталу, адам ұрлау және бұзақылық сияқты ауыр айыптар тағылып отыр. Ал қылмыс болған түнгі клуб басшысы қылмысты жасыру және біле тұра ескертпеу баптарымен сотталуда. Тергеу кезінде күзетшілердің лизенциясы да болмағаны белгілі болды. Айта кетейік, былтыр бұл клубқа демалушылар 66 рет полиция шақыртқан екен. Екі күннің бірінде төбелес болатын ойын-сауық орталығы осы қанды қылмыстан кейін түбегейлі жабылды.

«Есжанов және Бақытов келіп, жәбірленуші Көшкенбаев, Тулипов және Теміровтерді Ақтөбе қаласының сыртына шығарып, бастаған қасақана өлтіру қылмысын аяғына дейін жеткізу үшін алдын ала сөз байласып, Түкеновке қылмыстық іс-әрекеттерін жасыру және өзге тұлғаларға жасалып жатқан қасақана кісіні қазаға ұшырату ,қасақана қылмыстық құқық бұзушылықты әшкерелемеу мақсатында Түктібайға автокөлікті беруге бұйырған», - дейді мемлекеттік айыптаушы Арман Қоңырбаев.  

Серіктес жаңалықтары

Сараптама