×

ІІМ үй киімінде міндетін атқарған полицейге қатысты мәлімдеме жасады

Полицей үй киімінде хаттама толтырған

 Халық үні 29.07.2023 | 20:45
Фото: instagram/kris_p_almaty_obl

Әлеуметтік желілерде үй киімінде өз міндеттерін атқарған полиция қызметкерінің бейнесі пайда болды, деп хабарлады Polisia.kz.

8 шілде кешкі сағат 11-де Деркөл кентінде өз үйінде болған Орал қаласының ювеналды полиция бөлімшесінің қызметкері ата-анасынсыз көшеде жүрген үш кәмелетке толмаған баланы көріп, оларға қауіп төнуі мүмкіндігін ескере отырып, дереу шара қабылдаған.

Өз міндетін атқара отырып азаматтық киім үлгісінде болса да, балалар үшін жауапкершілікті сезінген ол жұмыста болмағанына қарамастан, аталған қызметкер үйінің жанында болып жатқан мән-жайды көре отырып, дереу заңды өкілдерін анықтап, полиция жасағын шақырған.

Осындай фактілерді болдырмау және құқық бұзушылықтың алдын алу үшін заңды өкілдерге ҚР ӘҚБтК 442-бабының 2-бөлігінің талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік хаттамалар жасалды.

Алайда балалардың ата-аналарының бірі әкімшілік хаттама жасалғанына ашуланып, қызметкерді үй киімінде өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға құқығы жоқ деп бейнежазбаға түсіре бастаған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама