×

Бензема «Әл-Иттихад» клубында алғашқы голын салды (ВИДЕО)

Францияның экс-форварды команданың есеп ашуына да көмектесті

 Дастан Жұмабекұлы 28.07.2023 | 15:09
Фото: ашық дереккөз

2022 жылғы «Алтын доп» сыйлығының иегері Франция құрамасының экс-шабуылшысы Карим Бензема Сауд Арабиясының «Әл-Иттихад» клубына келісімен алғашқы голын салды.

Ол Араб чемпиондары клубтарының кубогы үшін жарыста Тунистің  «Эсперанса» командасымен ойында 55-минутта допты торға тулатты.  Ал матчтың өзі 2:1 есебімен аяқталды. Карим Бензема бірінші голдың салынуына да көмектесті. Ол қорғаушыны алдап, командаласы Абделразак Хамдаллаға әдемі пас берді.

Бензема бұған дейін 14 жыл мадридтік "Реал" үшін өнер көрсеткен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама