×

Үкімет Семей қаласының желілерін жаңғыртуға да қаржы бөлді

Қаулыға сәйкес, 16,3 млрд теңгеден астам қаржы беріледі

 Дастан Жұмабекұлы 27.07.2023 | 09:21
Фото: ашық дереккөз

Семей қаласының коммуналдық инфрақұрылымын жөндеуге Үкіметтің резервінен 16,3 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Премьер-министр Әлихан Смайылов тиісті қаулыға қол қойды. 

Семей қаласының жылу желілерінің ұзындығы – 322 шақырым, оның 68%-ы тозған. Кей бөліктердегі жылу желілері 100% тозған (1966 жылы іске қосылған). Өткен жылыту маусымында қала желілерінде 337 апатты жағдай болды. Бұл – алдыңғы жылмен салыстырғанда, 21%-ға артық. 

Семей қаласын жылыту маусымында сапалы қызметпен қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың туындау қаупін азайту, жылыту маусымының үздіксіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімдігі жылу желілерінің тозығы жеткен бөліктерін анықтады. Жобалық-сметалық құжаттама әзірлеп, жөндеу жұмыстарын жүргізуге сараптамадан оң қорытынды алды.

Үкімет резервінен бөлінген қаржыға Семей қаласындағы желілік сорғыларды ауыстыра отырып, 1-ЖЭО-дан 1, 2, 3, 4 павильондарға дейін 5,8 шақырым магистралдық жылу желілерін күрделі жөндеуге бағытталады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама