×

Мұхтар Әблязовтің ағасы Қазақстанға не себепті оралғанын айтты

Ол саяси баспанадан бас тартқан

 Халық үні 27.07.2023 | 08:20
фото: almaty.tv

Мұхтар Әблязовтің ағасы Қуаныш Нұрғазин Қазақстанға неліктен оралғанын және туысы жөніндегі ойын айтты. Ол 25 шілде күні Алматы әуежайында ұсталды, енді ол екі ай үйқамақта болады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мені Мұхтар Әблязов алаяқтық схемалар мен айла-шарғыларға еріксіз араластырды. Ұзақ уақыт бойы Отаннан жырақта жүргенім, БТА банктің бұрынғы төрағасы мен оның сыбайластары жөніндегі жаңалықтар менің денсаулығыма әсер етті, – дейді күдікті.

Қуаныш Нұрғазиннің айтуынша, саяси қуғын-сүргіннің болмауы мен демократиялық реформалар оның Қазақстанға өз еркімен оралуына түрткі болған. Ол саяси баспанадан бас тартқан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама