×

«Мәйітті сойып тексереді». Шымкент әкімі тергеуде көз жұмған ер адамға қатысты пікір білдірді

Марқұм полиция бөлімшесіне бөтеннің автокөлігін айдап әкетті деген күдікпен жеткізілген

 Халық үні 09.12.2021 | 15:05
көрнекі фото: ашық дереккөзден

8 желтоқсанда Шымкент полиция департаментінің ғимаратында 1990 жылғы ер адам тергеу кезінде қайтыс болды. Ол полицияға бөтеннің автокөлігін айдап әкетті деген күдікпен жауап алу үшін жеткізілген.

Бүгін ОКҚ-да брифинг өткізген Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов полиция ғимаратында болған қайғылы жағдай туралы журналистердің сұрағына жауап берді. Шаһар басшысының айтуынша, тергеуге жеткізілген адам жауап алу кезінде өзін нашар сезінген. Қызметкерлер бірден жедел жәрдем шақырған, бірақ ол дәрігерлер келгенше қайтыс болған.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін ішкі істер министрлігі арнайы комиссия жіберді. Қазір тергеу жүріп жатыр. Бүгін мәйітті сойып тексереді. Оның өліміне не себеп болғаны тек соның және тергеу қорытындысы бойынша анықталады, - деді Әйтенов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама