×

Ресей бидайы көрші елдерге Қазақстан өнімі ретінде сатылған (ВИДЕО)

Күдікті 2021-2022 жылдар аралығында 26 мың тонна бидайды 1 млрд теңгеден аса сомаға экспорттаған

 Дастан Жұмабекұлы 25.07.2023 | 10:27
Фото: ашық дереккөз

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ресей бидайының Қазақстанға кіргізіліп, отандық өнім ретінде Ауғанстан, Тәжікстан, Өзбекстанға сатылып келгенін хабарлады.

Қаржы мониторингі агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті Ресей бидайын Қазақстанның өнімі ретінде экспорттау үшін жалған келісімшарттар бойынша заңсыз әкелу схемасын анықтады, – делінген хабарламада.

Анықталған азамат 2021-2022 жылдар аралығында Ресейден келген 26 мың тонна бидайды Орталық Азия елдеріне (Ауғанстан, Тәжікстан, Өзбекстан) қазақстандық өнім ретінде жазылған жалған шот-фактуралар бойынша 1 млрд теңгеден аса сомаға экспорттаған.

Осылайша, жалпы сомасы 460 млн теңге болатын халықаралық транзиттік тариф бойынша тасымалдау төлемдерін төлеуден жалтарған. Сотқа дейінгі тергеу аяқталды. ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес, тергеу мүддесіндегі өзге мәліметтер жария етілуге жатпайды, – делінген хабарламада.

Антикордың мәліметіне қарағанда, ауыл шаруашылығы тауарын адал өндірушілердің мүддесін қорғау мақсатында бидай өткізуге байланысты жалған шот-фактураларды заңсыз беру фактілерінің жолын кесу жұмыстары жүйелі жүргізіліп жатыр. Тек соңғы 1,5 жылда Павлодар облысында 5,4 млрд теңгеден аса сомаға жалған шот-фактураларды бергені үшін 5 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама