×

Талдықорғанда мопед мінген 13 жастағы баланы көлік қағып кетті (ВИДЕО)

Жылдамдықпен келіп соққанда, оны бірнеше метрге ұшырып жіберген

 Еркеғали Болатұлы 24.07.2023 | 16:47
фото: видеодан скриншот

Талдықорғанда Тойота Камри автокөлігі мопед тізгіндеген 13 жастағы жасөспірімді қағып кетті.

Видеода Талдықорғанның басты көшесімен бірнеше көліктің қатты жылдамдықпен келе жатқаны көрсетілген. Жол қиылысында көліктердің бірі мопедпен соқтығысып, оны бірнеше метрге ұшырып жіберген.

Тойота Камри көлігі Абылай хан-Сланов көшелерінің қиылысында 13 жастағы мопед жүргізушісін қағып кетті. Жасөспірім түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлады Жетісу облыстық ПД баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама