×

Астанада балабақшаның меңгерушісіне сот үкімі шықты

Мекемеге азық-түлік жеткізуші де бас бостандығынан айырылды

 Дастан Жұмабекұлы 24.07.2023 | 15:52
Фото: ашық дереккөз

Астана қаласы Байқоңыр ауданы №2 сотының үкімімен балабақша меңгерушісі мен осы мекемеге азық-түлік жеткізуші сотталды.

Қалалық прокуратураның хабарлауынша, мемлекеттік айыптаушы сотта азық-түлік жеткізу көлемін едәуір көбейту арқылы бюджет қаражатын ұрлаудың қылмыстық жолын дәлелдеді.

Сонымен бірге мекемеде жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы жалған актілер жасау арқылы ақша ұрланған.

Мемлекетке келтірілген залал толық көлемде өтелді, кінәлілер сотталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама