×

Сәтпаев университетінің ғалымы иіссу жасап шығарды

Гүлжан Түзелбаева зауытын ашып, айына 10 мыңға дейін өнім өндіруді жоспарлап отыр

 Дастан Жұмабекұлы 24.07.2023 | 14:04
Фото: ашық дереккөз

Satbayev University ғалымы Гүлжан Түзелбаева қызыл апорт хош иісті парфюмерияны жасап шығарды. Ол өз жұмысында парфюмерияның классикалық формулаларымен бірге ұлттық нақышты қолданды.

Ғалымға апорт хош иісімен парфюмерия жасау идеясы Францияда оқып жүргенде келген. Онда ол қажетті білім алып, оны іс жүзінде қолданғысы келіпті. Ол сандал ағашы мен балқарағай табиғи ингредиенттерін пайдаланып, «синтетикалық алманы» тамшылату арқылы әйгілі апорттың хош иісін алды. Алма иісіне қышқылдық беруі үшін ваниль, апельсин және гольбан қосылды.

Қазір ассортиментте 60-қа жуық парфюмерия, 50 шам және үйге арналған 30 хош иіс бар. Жақын арада Гүлжан Түзелбаева өз зауытын ашып, айына 10 мыңға дейін өнім өндіруді жоспарлап отыр.

Ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан осы салада елді дамыту үшін зор әлеуеті бар отандастың арманын іске асыру үшін қолдау көрсетілетін болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама