×

Алматы облысында өрттен бес адам құтқарылды (ВИДЕО)

Пәтердің балконында газ баллоны жарылған

 Дастан Жұмабекұлы 24.07.2023 | 10:22
Фото: ашық дереккөз

Алматы облысы Іле ауданының Өтеген батыр ауылында 1988 жылы салынған көппәтерлі бес қабатты үйдің 3-қабатында газ баллоны жарылды. Соның кесірінен пәтердің балконы отқа оранып, өрт ас бөлмені алып кеткен.

Оқиға орнына Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жіберіліп, өрттен 5 адам құтқарылды. Өрт сөндірушілер оларды төртінші және бесінші қабаттардан аман алып қалды. Тағы 5 адам өз бетінше эвакуацияланды. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама