×

Шымкентте шетелдіктерді тіркеуге алуға уәде берген алаяқ сотталды

Ер адам өзінің кінәсін толық мойындады

 Динара Амантай 22.07.2023 | 16:03
Фото: Halyq Uni

Шымкентте шетелдіктерді тіркеуге алуға уәде берген алаяқ сотталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының мәліметінше, шетелдіктерді уақытша тіркеуге алуға берген ер адамға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, сотталушы 2022-2023 жылдар аралығында жәбірленушілерге Қазақстан Республикасы аумағында Өзбекстан Республикасынан келген шетел азаматтарын уақытша тіркеуге алу анықтамасын жасап беретінін айтып алдап, сенімдерін теріс пайдаланып, 1 млн 612 мың теңге және 135 мың теңге ақшаларын бірнеше рет алаяқтық жолмен иемденген.

Ер адам өзінің кінәсін толық мойындап, қылмыспен келтірілген мүліктік шығынның орнын толтыруына байланысты, жеңіл жаза тағайындауды сұрады.

Сот ер адамды ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 4-тармағымен кінәлі деп танып, жауаптылық пен жазаны жеңілдетілген мән-жайларды ескеріп, 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама