×

БҚО-да 18 жыл түрмеде отырып шыққан ер адам қайта қамауға алынды

Екі рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған тұрғын қайта ұсталды

 Халық үні 21.07.2023 | 23:18
Фото: polisia.kz

БҚО-да Шыңғырлау ауылының бұрын екі рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған тұрғыны бостандыққа шыққаннан кейін ескі әдетін қайта бастаған. Ол ТҚС иесінен ақша бопсалаған. Күдікті тағы да қамауға алынды, деп хабарлайды Polisia.kz.

БҚО Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізу барысында ауыл тұрғынының қылмыстық іс-әрекетін әшкереледі. БҚО ПД ЖҚАЖ қызметкерлерінің қатысуымен бопсалаушы ұсталды.

«42 жастағы күдікті 20 маусым мен 16 шілде аралығында өзінің 34 жастағы көршісіне күш қолдану арқылы қауіп төндіріп, жәбірленушіден ақшалай қаражат бопсалаған. Жеке тінту барысында ұсталған адамнан жәбірленушіден алған 60 мың теңгесі, сонымен қатар одан ерекше иісі бар қара-жасыл заты бар қағаз бумасы және ОРРО телефоны табылып, тәркіленді. 42 жастағы күдікті бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 18 жылға жуық бас бостандығынан айыру орындарында отырған. Белгілі болғандай, мұндай ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру тиісті нәтиже бермей, қайтадан бостандыққа шығып, тағы да қылмыстық жолға түскен. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 194-бабы (Қорқытыр алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама