×

ҰҚК қазақстандықтарға Ресеймен шекарадағы жағдайға байланысты ескерту жасады

Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекарадағы жағдайға байланысты қазақстандықтарға ескерут жасады

 Халық үні 21.07.2023 | 21:30
Фото: alau.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ресеймен шекарасында көліктің көп жиналуына қатысты жағдайға түсініктеме берді.

Ведомствоның хабарлауынша, 2023 жылғы 27 шілде мен 25 тамыз аралығында Қазақстан Республикасының «Қайрақ» өткізу пунктіне қарама-қарсы Ресей Федерациясының «Бугристое» автокөліктік өткізу пунктінде жол төсемін жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

«Осы ретте, көлік құралдарының қозғалысы қиындап, салдарынан бақылау процедураларының уақыты ұзаруы мүмкін. Қостанай облысы арқылы Мемлекеттік шекараны кесіп өту үшін келесі өткізу пункттерін қарастыруды ұсынамыз», - делінген хабарламада.

Халықаралық өткізу пункті:
– «Ақбалшық» авто (ҚР) – «Воскресенское» авто (РФ);
екі жақты өткізу пункттері:
– «Обаған» авто (ҚР) – «Звериноголовское» (РФ)
– «Желқуар» (ҚР) – «Мариинский» (РФ)
– «Аят» (ҚР) – «Николаевка» (РФ)
– «Қондыбай» (ҚР) – «Комсомольский» (РФ).

«Қалыптасып отырған жағдайға байланысты қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлап алуды ұсынамыз», - деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама