×

Елімізде Қытай азаматына темекі шеккені үшін айыппұл салынды

Ол Көкшетауда желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлеріне тапсырылды

 Динара Амантай 21.07.2023 | 13:57
Фото: stan.kz

Ұшақ бортында темекі шеккен Қытай азаматына айыппұл салынды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, Алматы – Көкшетау бағытындағы әуе рейсі ұшып келгеннен кейін Qazaq Air әуекомпаниясының өкілдері құқық бұзған жолаушыны Көкшетау қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлеріне берген. Полицейлер ұшақ бортында темекі шеккен Қытай Халық Республикасының 48 жастағы азаматын анықтады.

Аталған дерек бойынша шетел азаматына ҚР ӘҚБтК 441-бабының 1-2-бөлігімен 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама