×

Қазыбек Нөгербек жылдам шахматтан әлем чемпионы атанды

Қазақстандық шахматшы 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында үздік шықты

 Ернар Сейтахмет 03.05.2022 | 09:57
Қазыбек Нөгербек, фото: instagram

Қазақстандық Қазыбек Нөгербек Грекияның Родос аралында өтіп жатқан чемпионатта жылдам шахматтан әлем чемпионы атанды. 18 жастағы шахматшының жетістігін Орталық шахмат клубының баспасөз қызметі хабарлады.

«Жаңа ғана 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында World Youth Rapid Championships 2022 Open Under 18 рапидтен әлем чемпионаты аясындағы ашық турнирдің соңғы кезеңі аяқталды. Онда біздің шәкіртіміз Қазыбек Нөгербек бірінші орынды жеңіп алып, 18 жасқа дейінгі жастар арасында рапидтен әлем чемпионы атанды! Қазыбекті құттықтап, алдағы блиц-турнирде сәттілік тілейміз», - делінген.

Былтыр шахматтан Польшада өткен біріншілікте қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева блицтен әлем чемпионы (FIDE World Rapid and Blitz 2021) атанған еді. Жарысқа 50 елден 200-ге жуық спортшы – әлем чемпиондары мен вице-чемпиондары, қазіргі ел чемпиондары және әлемнің рейтингі жоғары шахматшылары қатысты. Әлем чемпионатының жалпы жүлде қоры - 1 000 000 АҚШ доллары.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама