×

Абай облысында ТЖ кезінде 300-ден аса адам құтқарылды

Өңірде 500-ден аса төтенше жағдай тіркелген

 Динара Амантай 20.07.2023 | 12:33
Фото: sputnik.kz

Абай облысында төтенше жағдай кезінде 300-ден аса адам құтқарылды. Бұл туралы ТЖМ басшысы Сырым Шәріпханов өңір халықымен кездесу барысында айытты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Жыл басынан бері Абай облысының құтқарушылары 300-ден аса адамды құтқарды. Бұл – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, 2,5 есе көп. Бұл ретте өңірде 500-ден аса төтенше жағдай тіркелді, – деді министр.

Облыс бойынша оқиғалардың басым бөлігін тұрмыстық және өндірістік өрттер қамтиды. Бұл – шамамен 90%. Сырым Шәріпханов Абай облысының тұрғындарымен кездесу барысында атап өткендей, осы оқиғалардың көбі жылыту кезеңіне тиесілі.

Сонымен қатар министр өңір тұрғындарын елдегі жедел жағдайдан хабардар етті. Бірінші жартыжылдықта министрлік төтенше жағдайлар кезінде қаза тапқандардың өсуіне жол бермеген. Олардың саны 8,4%-ға азайды. Бұл ретте республика бойынша 6 мыңнан аса табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар тіркелген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама