×

Жұмағұловтан кейін Исмағұлов та UFC қатарынан шығып қалды

Бір қызығы, осы жекпе-жектің алдында ғана қазақстандық файтер келісімшартты ұзартатынын айтқан

 Еркеғали Болатұлы 20.07.2023 | 11:26
фото: ашық дереккөз

Дамир Исмағұловтың UFC-дегі келісімшарты аяқталды. Бұл туралы лигадағы өзгерістер туралы баяндайтын UFC Roster Watch Twitter арнасы хабарлады.

UFC аясындағы соңғы жекпе-жекте Исмағұлов төрешілер шешімімен америкалық Грант Доусоннан ұтылды. Бұл кездесу 2 шілдеде өткен болатын. Бір қызығы, осы жекпе-жектің алдында ғана қазақстандық файтер келісімшартты ұзартатынын айтқан еді...

Еске сала кетсек, желтоқсан айында Дамир Исмағұлов төрешілердің бірыңғай шешімімен ресейлік Арман Царукяннан жеңілген болатын. Ал бұл көрсеткіш UFC-де қатарынан 5 рет жеңіске жеткен Дамир үшін алғашқы жеңіліс болды.

Бұған дейін 3 рет қатарынан жеңілген қазақ Жалғас Жұмағұловтың UFC-ден шығарылғанын жазған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама