×

АҚШ Қырғызстанға экономикалық санкция салады

Қырғыз Республикасы Ресейге тыйым салынған тауарлар мен техникалық өнімдерді жеткізген

 Дастан Жұмабекұлы 19.07.2023 | 15:05
Фото: Shutterstock

АҚШ Қырғыз Республикасына экономикалық санкция салатын болып шешті.

The Washington Post басылымының хабарлауынша, Қырғызстан ЕАЭО аясында Ресейге тыйым салынған тауарлар мен техникалық өнімдерді, соның ішінде чиптерді жеткізген.

Ресейге санкцияларды айналып өтуге көмектесткені үшін Қырғызстанға экономикалық қысым жоспарланып отыр. Бұл туралы Джо Байден әкімшілігінің жоспарларымен таныс екі америкалық шенеунік айтты. Олар Ақ үй әкімшілігінің осы жетіде тиісті шараларды қолға алуы мүмкін екенін ескертті, – делінген хабарламада.

Бұған дейін де The Washington Post Қырғызстан компанияларының «қара тізімге» кіргенін жазған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама