×

Месси «Интер Майамидегі» алғашқы жаттығуын өткізді

Аргентиналық шабуылшы америкалық клубқа бос агент ретінде ауысты

 Дастан Жұмабекұлы 19.07.2023 | 12:29
фото: Instagram.com

Аргентина құрамасының футболшысы Лионель Месси «Интер Майами» клубындағы алғашқы жаттығуын өткізді.

Бұл командамен ол жақында келісімшарт жасасып, құрамына қабылданған болатын. «Интер Майамидің» жаттығуына Мессимен бірге команданың құрамына алынған Испанияның белгілі ойыншысы Серхио Бускетс те қатысқан.

Еске сала кетсек, Месси мен Бускетс 16 шілдеде салтанатты жағдайда «Интер Майами» клубына таныстырылды. Бұл іс-шараны АҚШ-тың мыңдаған жанкүйері келіп, тамашалады.

Екеуі де америкалық клубқа бос агент ретінде ауысты. Лионель Месси мен Серхио Бускетстің «Интер Майами» клубына келісімшарты Америкалық футбол лигасының (MLS) 2025 жылғы футбол маусымының соңына дейін жасалған. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама