×

Шымкентте 19 жыл бұрын болған кісі өлімі бойынша үкім оқылды

Күдікті кәнілі деп танылып, 10 жылға сотталды

 Дастан Жұмабекұлы 18.07.2023 | 17:45
Фото: ашық дереккөз

Бұған дейін хабарланғандай, Шымкент қаласында 19 жыл бұрын жасалған қылмыс бойынша сот отырысы басталған еді. Күдіктілердің бірі биыл наурыз айында ұсталған болатын. Енді Шымкентте оған кісі өлтіру ісі бойынша үкім оқылды.

Otyrar.kz-тің хабарлауынша, кінәлі деп танылған сотталушы ер адамды екі рет мылтықпен атып өлтіріп, денесін дәретхана шұңқырына тастап, айғақтарды өртеп жіберген. Қылмыстың жазасы енді ғана тағайындалып, сотталушы 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Дегенмен ол өз кінәсін әлі мойындаған жоқ.

Үкімді жариялау кезінде кісі өлтірді деп айыпталған азамат сот отырысында эмоцияға қатты беріліп отырды. Себебі қылмыс жасалғанына 19 жыл өтсе де ол өз кінәсін мойындаған жоқ. Қолына кісен салынарда да өзінің кінәлі емес екенін қайталап, қаруды Ресейге қашып кеткен серігі қолданғанын айтты, – делінген материалда.

Сотталушының айтуынша, кісі өліміне кінәлі адам Ресейде жүр. Оны Қазақстан соты алғыза алмайды. Себебі ресейліктер оны бермейді. Олар өз заңдары бойынша жазалайды.

Қазақстан соты оны соттай алмайды. Сондықтан мені қамап отыр, – деді ол сотта.

Соттың мәліметіне қарағанда, мылтықтан екі рет оқ атқан басқа емес, дәл осы азамат. Ол досымен бірге жоспар құрған. Ал кісі өлтіргеннен кейін денені көшедегі дәретхананың шұңқырына лақтырып жіберіп, айғақтарды өртеп, қашуға асыққан.

Осыған байланысты сотта мемлекеттік айыптаушы сотталушыға 17 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Бірақ сот шешімімен ол кінәлі деп танылып, 10 жылға сотталды. Айыпты деп танылған азамат жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өткізеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама